- Неден бастаймын? Кімге сатамын? Не ұсынамын? Қаншаға сатамын? Клиентті қалай табамын?
- Егер осы сұрақтар сізге таныс болса, бухгалтерлер клубы сізге арналған.
Неліктен мен бұл клубты құрдым?
Менің атым Айкөркем. Бухгалтерия саласында 8 жылдан астам тәжірибем бар.
2018–2021 жылдары аутсорсинг компаниясында бухгалтер болып жұмыс істедім.
2022–2024 жылдары екі ТОО-да, соның ішінде құрылыс және рекрутинг саласында тәжірибе жинадым.
2024 жылдан бастап өзімнің аутсорсинг бизнесімді дамытып келемін.
Қазір клиенттермен жұмыс істеп, бухгалтерлік қызмет көрсетуді ұйымдастырып, командаммен бірге жұмыс істеймін.